Түркістан облысы Отырар ауданы. "Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп"КММ-де 2025ж 10- қыркүйек күні 1-11сыныптар аралығында Отырар ауданының білім бөлімі,Түркістан облысы полиция департаментінің 2025жылдың 3қыркүйектегі номері 25/5503 сынды хатын басшылыққа алып,білім беру ұйымында мектеп мұғалімдері мен мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының апталық тәрбие жұмыстарын басшылыққа ала отырып, мектепішілік "ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ" тақырыбында ата аналар жиыны ұйымдастырылды. Ата -аналарға қыз бала мен ұл бала тәрбиесі жөнінде бейнежазбалар көрсетіліп, психолаг маманның трениг сабақтары өткізілді. Ата-аналарға түсіндірме жұмыстар мен қосымша жол ережелері туралы,қыз қылығы түзде жұмыстарын таныстырып жүргізілді. Ата-аналар арасында ой -пікірлерді бөлісу жұмыстары орын алды.





