"Қауіпсіз балалық шақ" тақырыбындағы тікелей эфир
Бүгін о4 ақпан 2026жыл. Облыс прокурорының орынбасары Даулет Тлемисов Бекбашұлы Түркістан облысы білім алушыларымен, ата-аналарына арналған «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы аясында ашық форматта тікелей эфирде онлайн кездесу өткізді. Кездесу ай сайын өткізіліп ,қойылған сұрақтарға талдау жасалып,өзекті мәселелердің шешімін табу мақсатында орын алып отырғаны жөнінде атап аитып, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Есжан мен Ғ.Кульбаевтар алдын- ала түсіндірме жұмыстар жасап,сынып жетекшілермен бірлесе эфирді мұқият тыңдауға оқушыларды жұмылдырды.
Тікелей эфирдегі кездесуге Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "ШУәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп"КММ нің 8-9-10-11 сынып оқушылары қатысты.
Облыс прокурорының орынбасары Даулет Тлемисов Бекбашұлы өңірдегі балалардың қауіпсіздігіне қатысты өзекті сұрақтарға жауап беріп, оқушылар мен ата-аналар көтерген мәселелер көпшілікпен талқыланды.
-Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру
-Интернеттегі қауіпсіздік
-Зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Буллинг және кибербуллинг
-Мектеп пен көшедегі тәртіп
- Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу сияқты тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әр бір қатысушының көкейіндегі қойылған сұрақтарға мұқият және сабырмен жауап берді.





