Отырар ауданы «Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де
«Адал азамат. Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында
6–11 сынып оқушыларына арналған қыздар жиналысы өткізілді.
Жиналысқа ДТІЖО, педагог-психологтар, мектеп мейірбикелері, тәлімгерлер және сынып жетекшілер қатысып, қыз балалардың өмірінде аса маңызды мәселелер төңірегінде ашық әңгіме өрбіді.
Кездесу барысында:
қыз баланың тәрбиесі мен мінез-құлқы,
жеке бас тазалығы,
буллингтің алдын алу,
ерте жүктіліктің салдары секілді өзекті тақырыптар қозғалды.
Жиналыстың басты мақсаты – қыздардың өзін-өзі бағалауына ықпал ету, қауіпсіз орта қалыптастыру және болашаққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Мұндай тәрбиелік шаралар жасөспірімдердің саналы, адал әрі өз болашағына бейжай қарамайтын азамат болып қалыптасуына жол ашады.





