БЕЙНЕКӨРСЕТІЛІМ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Отырар ауданына қарасты Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-де Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттау және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында бейнематериалдар көрсетілді.
Қаржы мониторингі агенттігі мен Сыртқы істер министрлігі ұсынған бейнероликтер арқылы заң талаптарын сақтау, құқықтық тәртіпті нығайту және түрлі қауіп-қатердің алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Мақсаты:
оқушылардың құқықтық білімін арттыру;
заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу;
жауапкершілік пен саналы азаматтық көзқарасты қалыптастыру;
құқық бұзушылықтың алдын алу





